Атырауда итті қағып кеткен жүргізуші сот алдында жауап берді

© HitGid

Атырауда итті ?а?ып кеткен ж?ргізушіге ?атысты сот ?кімі шы?ты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау ?аласыны? мамандандырыл?ан ?кімшілік сотыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Атырауда итті қағып кеткен жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іс материалдарына қарағанда "Газ 3302-288" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі облыс орталығындағы тұрғын үйлердің бірінің алдында зардап шегушінің "Joker" есімді итін басып кеткен.

"Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген) құқықбұзушы Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Реклама
Реклама

Сотта айыпталушы кінәлі деп танылып, жүргізушіге әкімшілік жаза ретінде 14 847 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. 

Айыпталушы кінәсін толық мойындап, ит иесіне шығынды өтеуге келісті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама