27 ақпан 2014 09:37

Ауласынан 10 миллион долларлық қазына тауып алды

Сурет REUTERS ақпарат құралынан алынған

"Солтүстік Калифорнияда ерлі-зайыптылар үйінің ауласынан 10 миллион долларлық қазына тауып алғаны туралы хабарды CNN ақпарат көзі таратты. Тал түбіне көмілген, ішінде сирек ұшырасатын алтын тиындар салынған сегіз темір құтышаны ерлі-зайыптылар кездейсоқ, итін қыдыртып жүргенде тауып алған" деп мәлімдейді Tengrinews.kz сайты. Ерлі-зайыптылар олжаны 2013 жылдың ақпан айында тауып алған, алайда ол туралы енді жариялауды жөн көрген. Дегенмен ерлі-зайыптылар құпия болып қалуды ұйғарып, аттарын атамаған. Сондай-ақ, қазына табылған орынды да құпия сақтауда. Кәсіби тиын соғу қызметінің тең құрылтайшысы болып табылатын америкалық сарапшы Дэвид Холл тиындардың тұпнұсқа екенін растап, "олжа АҚШ тарихында осы тұрғыдағы ірі қазына болып саналады" деп мәлімдеді. Олжа 1847-1894 жылдар аралығында соғылған 1427 дана тиыннан тұрады. Бәрі дерлік жақсы сақталған. Нумизматтың айтуынша, кейбіреулері өте сирек кездесетін тиындар, олардың әрбірінің құны бір миллион доллар тұруы мүмкін. Қазірге, бұл қазынаның қай уақытта көмілгені және кімге тиесілі екені белгісіз. Кейбір болжам бойынша, қазына атышулы калифорниялық "алтын безгек" уақытында көмілген болуы мүмкін. Бәлкім, байлық иесі "қара күнге" деп сақтап, кейін бір жағдайға душар болуы ықтимал. Ерлі-зайыптылар қазынаның көп бөлігін сатып, оның бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсамақ ниетте екен. Олжаның 90 пайызы Amazon.com сайтына қойылады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram