17 ақпан 2017 | 15:12

Аустралияда өмір бойы пингвиндерді қорғап келген ит өлді

© twitter.com

Аустралия халқының сүйіктісіне айналған төбет Оддболл (Oddball) 16 жасында өлді. Ол өмір бойы Виктория штатындағы Мидл Айланд аралының жағалауында пингвиндерді түлкілер мен басқа да жыртқыштардан қорғап келген, - деп хабарлайды ABC.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Аустралия халқының сүйіктісіне айналған төбет Оддболл (Oddball) 16 жасында өлді. Ол өмір бойы Виктория штатындағы Мидл Айланд аралының жағалауында пингвиндерді түлкілер мен басқа да жыртқыштардан қорғап келген, - деп хабарлайды ABC.

Иттің қожайыны Аллан Марштың айтуынша, егер оның жасын адамдармен салыстыратын болса, Оддболл шамамен 105 жаста болған. Оддболл пингвиндерді құтқару мақсатында жергілікті билік ұйымдастырған бірінші сынақ бағдарламаға қатысқан төбет болып есептеледі. 

Реклама
Реклама

"Ол өзіне тапсырылған тапсырманы толығымен орындап шықты", - дейді Марш. 

Австралия тұрғынының айтуынша, өзінің сүйікті итінің орнына басқа да төбеттер келеді, алайда ол басқа иттерді Оддболл секілді жақсы көріп кету мүмкін емес екенін мойындайды.  


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная