ПОДЕЛИТЬСЯ
27 желтоқсан 2019 | 16:19
Ауыл тұрғындары Bek Air ұшағы құлаған жерде жұмыс істеп жатқан құтқарушыларға тамақ әзірледі
Ауыл тұрғындары әуе апаты болған жерде жұмыс істеп жатқан құтқарушыларға тамақ әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ауыл тұрғындары әуе апаты болған жерде жұмыс істеп жатқан құтқарушыларға тамақ әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде жергілікті тұрғындардың жедел әрекет ету қызметтеріне арнап, ыстық тамақ әзірлеп жатқан видеосы жарияланды. Онда - азық-түлік және тағам дайындалып жатқаны түсірілген.
"Гүлдала ауылының тұрғындары. Ыстық шай, сорпа. Құтқарушылар үшін әзірлеп жатырмыз. Қандай да бір көмек болса дейміз біздің атымыздан", - дейді видео авторы.
"Алматы облысы әкімінің тапсырмасы бойынша төтенше жағдайлар қызметкерлері оқиға орнынан алыста қалмауы және өз жұмыстарын орындауы үшін ТЖ орынының жанында азық-түлік беру пункттері құрылды. Бұл жұмысқа жақын маңдағы ауылдардың еріктілері қосылды. Олар көмек көрсетіп жатыр", - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.
Показать комментарии
Читайте также