14 ақпан 2014 10:26

Автошабандоздың үш жасар ұлы YouTube жұлдызына айналды

Сурет YouTube сайтынан алынған

"Алматылық автошабандоз Антон Авдеевтің үш жасар ұлы YouTube жұлдызына айналды. Көлік оңды-солды шайқалғандағы автомобиль салонында арнайы автокреслода отырған үш жасар баланың ерекше қөңіл-күйі түсірілген бейнежазба YouTube-те әйгілі болды" деп мәлімдейді Tengrinews.kz NEWSru.com ақпарат көзіне сілтеме жасап. Көлік тоқтап тұрғанда, балаларға арналған автокреслода отырған үш жасар бала ұйқылы-ояу, бейқам көрінеді. Ал, көлік орынан жүйткіп, әкесі кәсіби шеберлікпен көлікті оңды-солды ойнақтатқан сәттегі баланың көңіл-күйіне таң қалмау мүмкін емес. Көлік қозғауышының гүрілін естігенде-ақ бала күлімдей бастайды, ал көлік оңды-солды ойқастағанда бар дауыспен айғайлап күледі. YouTube-тегі бейнежазбаға "бәйге жабық трассада, 60 шақырымдық жылдамдықпен өтті" деп түсінік берген.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram