29 қараша 2019 | 15:59

Аяғы сынған механик миллионер атанды

Камила Долаева Журналист
© Maryland Lottery

Американың Мэриленд штатындағы Балтимор қаласының тұрғыны аяғы сынып қалғаннан кейін ұтыс ойындарына қатысып, ақша ұта бастаған. Бұл туралы UPI порталы жазған, - деп хабарлайды Lenta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Американың Мэриленд штатындағы Балтимор қаласының тұрғыны аяғы сынып қалғаннан кейін ұтыс ойындарына қатысып, ақша ұта бастаған. Бұл туралы UPI порталы жазған, - деп хабарлайды Lenta.ru.

55 жастағы механик жұмысы кезінде аяғын сындырып алған. Ол есімін атағысы келмепті. "Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Аяғымды сындырып алғаннан кейін не істерімді білмей қалдым. Сөйтіп ұтыс ойындарына қатыса бастадым", - дейді ол. Осылайша екі аптада төрт билеті сәтті түсіп, әрқайсысы 500 доллардан ұтқан.

Реклама
Реклама

Кейін досының кеңесімен 20 долларға Max A Million билетін сатып алған. Нәтижетінде миллион долларға ие болған. Ол қуанышты жаңалығын бірден анасына айтқан, кейін бастығына да хабарлаған.

Басшысы механиктен жұмысын енді тастап кетпей ме деп сұрағанда, ол "Маған өз ісім ұнайды, сондықтан ары қарай да жұмыс істей беремін" деп жауап қатыпты.

Енді америкалық ер адам жеңген ақшасына жаңа үй мен балық аулайтын қайық алып, көлігін ауыстырғысы келеді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная