ПОДЕЛИТЬСЯ
05 шілде 2019 | 13:40
Әйелі із-түссіз жоғалып кеткен күйеуін әлеуметтік желі арқылы тапқан
Үндістандық Джайапрадханың күйеуін туысы әлеуметтік желідегі видеодан танымай тұрып, ол бірнеше жыл бойы жұбайын із-түссіз жоғалып кетті деп ойлап жүрген, - деп хабарлайды РИА Новости тілшісі Insider сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 2016 жылы Суреш үйдегі ұрыстардан жары Джайапрадханы тастап, жоғалып кеткен. Жұбайын басында өзі іздеп таппаған әйел полицияға жүгінген, олар да таппай Сурешты із-түссіз жоғалғандар тізіміне қосқан.
Джайапрадха күйеуін табамын деп те үміттенбеген. Бірақ үш жылдан кейін оның туысы TikTok қосымшасын қарап отырып, Сурешке ұқсас адамды көрген.
Джайапрадха бейтаныс адамды көргенде, бірден күйеуін таныған. Ол басқа қалада механик болып жұмыс істеген және транссексуал әйелмен қарым-қатынаста болған. Джайапрадха мен Суреш қайта қосылды деген хабар бар.
Показать комментарии
Читайте также