Әжесін полицейлерден қорғаған үш жасар бала Интернет қолданушыларын таңғалдырды

Әжесін полицейлерден қорғаған үш жасар бала Интернет қолданушыларын таңғалдырды © Youtube.com

Әжесін полицейлерден қорғаған қытайлық батыл бала Интернет қолданушыларының жүрегін жаулап алды. Әйел көше бойында заңсыз саудамен айналысқан. Үш жасар бала темір құбырды ала жүгіріп, тәртіп сақшыларына қарсы шықты.

Көшедегі жабайы сауда-саттыққа қарсы күресумен айналысатын инспекторлар үш жасар баланың ашуға булығып, "Кетіңдер! Менің әжеме тиіспеңдер!" дегенін естіп, көңілдері босады.

Полицейлер баланы тыныштандырып, шеткері алып кетті. Бірақ бала олардың "құшағынан" сытылып шығып, әжесін "ренжіткендерге" жұдырық ала жүгірді.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама