"Азия MIX", "Камызяки" және "Каzахи" командалары Астанада чемпиондар кубогына таласады

КВН ойындары чемпиондарыны? жаз?ы кубогы Астанада ?теді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ?алалы? М?дениет, м?ра?аттар ж?не ??жаттама бас?армасына сілтеме жасап.

КВН ойындары чемпиондарының жазғы кубогы Астанада өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына сілтеме жасап.

Қазақстандық шоумен, "Астана.KZ" командасының қатысушысы Малик Хасенов Instagram желісіндегі парақшасында чемпиондардың жазғы кубогының Астанада 1 шілдеде өтетінін жазған. Хасеновтың айтуынша, кубок үшін "Азия MIX" (Бішкек), "Камызяки өлкесінің құрамасы", "Пятигорск қаласы" мен "Каzахи" командалары таласады.

"Орындалды! Елімізде болмаған жоба іске асырылды! КВН ойындарының 56 жыл тарихында Жазғы кубок алғаш рет Астанада 2017 жылы өтеді! 2017 жылдың 1 шілдесінде "Қазақстан" Орталық концерт залында ойынның түсірілімдері басталады! Жазғы кубокка "Азия MIX" (Бішкек), "Камызяки өлкесінің құрамасы", "Пятигорск қаласы" мен "Каzахи" командалары таласады. Қызық болады! Қолдау көрсетіп, сенгендеріңізге рақмет!", - деп жазды Малик Хасенов Instagram желісіндегі парақшасында.

Реклама
Реклама

Астана қалалық мәдениет басқармасындағылар бұл мәліметті растады. Ведомство мәліметінше, іс-шара EXPO-2017 көрмесінің аясында ұйымдастырылған. Кешті Александр Масляков жүргізеді. Сондай-ақ, Астанаға КВН ойындарының әдеттегі қазылар алқасының келетіні айтылады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама