02 сәуір 2019 09:31

Балықшылар 100 келі тартатын акуланың тістелген басын тапты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/trapman_bermagui © instagram/trapman_bermagui

Аустралия жағасында балықшылар ірі мако акуласының тістелген басын тапты. Оның суреті Facebook және Instagram желісіндегі Trapman Bermagui парақшасында жарияланды. 


Аустралия жағасында балықшылар ірі мако акуласының тістелген басын тапты. Оның суреті Facebook және Instagram желісіндегі Trapman Bermagui парақшасында жарияланды. 

Ер адамдардың айтуынша, акула қалдығы 100 келіге жуық тартқан.

"Өкінішке қарай, біз оны кім жегенін көргеніміз жоқ, бірақ оның көлемі үлкен болғаны көрініп тұр", - делінген суреттің сипаттамасында. Бастың ішінен жыртқыш марлин балығының сүңгісі табылған. 

Мако акуласы Тынық, Атлант және Үнді мұхиттарында тіршілік етеді. Жыртқыштың ұзындығы 4,5 метрге дейін, ал салмағы 800 келіге жетуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети