Баскетболшы бозбаланың лақтырған добы оны жұлдызға айналдырды - Видео

Баскетболшы бозбаланың лақтырған добы оны жұлдызға айналдырды - Видео Видеодан алынған кадр

Иллинойста?ы Evanston Township мектебіні? о?ушысы Блейк Питерс баскетболдан жарыс кезінде ойынны? со??ы секундында ?арсыластарына доп салып, ж?лдыз?а айналды, деп жазады РИА Новости. Ол допты ала?ны? бір басынан ла?тырып, д?л т?сірген, солайша ?з командасына же?іс ?перді.

Иллинойстағы Evanston Township мектебінің оқушысы Блейк Питерс баскетболдан жарыс кезінде ойынның соңғы секундында қарсыластарына доп салып, жұлдызға айналды, деп жазады РИА Новости. Ол допты алаңның бір басынан лақтырып, дәл түсірген, солайша өз командасына жеңіс әперді.

Агенттіктің хабарлауынша, Maine South мектебінің командасына қарсы финалдық ойында Питерстің командасы 42:44 есебімен жеңіліп жатқан. Кейін сол ойынның видеосы Желіде кеңінен тарады.

Реклама
Реклама

15 жастағы Питерстің айтуынша, жергілікті БАҚ оны "аңыз" деп атай бастаған. Ол WHNT19 News телеарнасына берген сұхбатында сол сәтте қандай сезімде болғанын жасырмады.

"Сырт көзге бәрі де жақсы болып көрінде, доп дәл түскенде есеңгіреп қалдым. Бұл менің өмірімдегі ең керемет сәт шығар", - деді ол.

Оның айтуынша, сол ойыннан кейін ол үш күн бойы көз іле алмаған, өзіне деген ықылас қатты әсер етіпті. Оны тіпті Эванстон мэрі құттықтап, 29 қаңтарды "Блейк Питерстің күні" деп жариялаған. 

Бозбаланың сөзіне қарағанда, ол өмірінің бұрынғы қалыпқа түсуін қалайды. "Барлығының сабырға келер күнін асыға күтіп жүрмін", - деді ол.

Сонымен қатар, Питерс колледжде баскетбол ойнауға дайын екенін, алайда ҰБА-да мансапқа жету туралы армандамайтынын жеткізді. "Маған құқық саласы ұнайды, сонымен айналысатын шығармын", - деді ол.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама