Белгілі пародист Рамазан айында шопырлардың сауап іске қаншалықты құлықты екенін тексерді

© stan.kz

Stan.kz сайтыны? тілшісі т?жірибе ж?ргізіп, ?о?амда ?аншалы?ты мейірімді адамдарды? бар екенін тексеріп к?рді. Тілшіге к?мекке белгілі пародист Ас?ар К?мекбаев келді. Ол неб?рі 50 те?геге такси то?татып, ж?ргізушілерді сынап к?рді.

Stan.kz сайтының тілшісі тәжірибе жүргізіп, қоғамда қаншалықты мейірімді адамдардың бар екенін тексеріп көрді. Тілшіге көмекке белгілі пародист Асқар Көмекбаев келді. Ол небәрі 50 теңгеге такси тоқтатып, жүргізушілерді сынап көрді.

Асқар Алматыдағы Төле Би және Мұратбаев көшелерінің қиылысынан Алтын Орда базарына дейін жету үшін такси тоқтатады. Қалтасында небәрі 50 теңге қалғанын айтып, көмек сұрайды. Ал жүргізушілердің басым бөлігі ақшасы жоқ жолаушының сөзін соңына дейін тыңдамастан, кете барады. Екіншілері күле қарап, 50 теңгеге жолаушының автобусқа да міне алмайтынын айтады. Арасында "жолым түспейді" деп ақталып жатқандар баршылық.

Реклама
Реклама

Ал тәжірибе нәтижесі көңіл көншітпейді. 10 көліктің небәрі үшеуі жолаушыны барар жеріне жеткізіп салуға келіседі.

Осылай дей келе басылым тілшілері жұртты мейірімді болуға шақырды. "Ал сіздерге айтарымыз, онсыз да тұрмыстық қиыншылығы көп мына заманда бір-бірімізге мейірімді болайық! Бір данышпан айтқандай, жақсылық жасау үшін – көп ақша емес, мейірімді жүрек керек екенін естен шығармайық!", - дейді олар.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама