Бердібек Сапарбаев баласының Ferrari көлігінде отырған суретіне қатысты пікір білдірді

Бердібек Сапарбаев баласының Ferrari көлігінде отырған суретіне қатысты пікір білдірді Сурет әлеуметтік желілерден алынды

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев БАҚ өкілдерімен кездесуінде баласының Ferrari көлігінде отырған суретіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Диапазон".

"Менің қызым мен балам бар. Қызым Алматыда, ал балам Астанада тұрады. Кейбіреулер менің балам жайлы "Сапарбаевтың баласының мынадай көлігібар екен!" деп сөйлей бастапты. Біріншіден, мен оған мұндай көлікпен жүруіне жол бермес едім. Қазір балалар біздің кезіміздегідей емес, оларға бәрі қызық. Міне, балам Түркияға барып, осы көлікпен суретке түскен", - деді Сапарбаев. 

Осыған дейін Ақтөбе облысының әкімінің баласы Жансұлтан Сапарбаев суреттің Түркияда 2011 жылы түсірілгенін айтқан еді. 

Реклама
Реклама

"Мен 20 жаста едім. Көшенің бойымен серуендеп жүріп, әдемі көлікті көрдім, сөйтіп, барлық жас жігіттер сияқты әдемі көлікпен суретке түскім келді. Көлік иесі ішіне отыруыма да рұқсат берді, түсіріп, әлеуметтік желіде жарияладым", - деді ол. Шенеуніктің баласының айтуынша, ол бұл суретке ақпарат құралдарының назары ауа қояды деп ойламған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама