ПОДЕЛИТЬСЯ
24 наурыз 2022 | 12:16
Бие байлап, қымыз сатады. Неміс жігіті Қазақстандағы өмірі туралы айтып берді
Қарағандының іргесінде орналасқан Северный ауылында неміс ұлтының өкілі Олег Кеплинг тұрады. Ол асау үйретіп, көкпар тартып, бие сауады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Оян, Қазақстан" бағдарламасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағандының іргесінде орналасқан Северный ауылында неміс ұлтының өкілі Олег Кеплинг тұрады. Ол асау үйретіп, көкпар тартып, бие сауады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Оян, Қазақстан" бағдарламасына сілтеме жасап.
Бағдарлама мәліметінше, 15 жасынан бастап атқа мініп жүрген Олег қазақ тілінде еркін сөйлейді.
"Достарымның бәрі қазақ. Солардың арқасында қазақ тілін меңгеріп алдым. Білмеген сөздерімді достарымнан сұрап отырамын", - дейді ол.
Сондай-ақ, Олег Кеплинг ұлттық спорттың түр-түрін жетік меңгерген. Түрлі додаларда көш бастап, 2017 жылы көкпардан Қарағанды облысының чемпионы атанған.
"Көкпар десе, ішкен асымды жерге қоямын. Өзімнің ұзақ уақыт бойы баптап жүрген айғырым бар. Мені жерге қаратқан емес. Қол босаса, жарыстарға қатысып тұрамын", - дейді қарағандылық.
Қазір оның бір үйір жылқысы бар. Олег жылқы бизнесін де толық меңгеріп, өз ауылын қымызбен қамтамасыз етіп отыр.
"Қорада 8 бие байлаулы тұр. Келер жылы олардың санын 25-ке жеткізу жоспарда бар. Дәл қазір күніне 20-25 литр сүт алып отырмыз, оның бір литрін 800 теңгеден сатамыз. Осының арқасында қолымызды аузымызға жеткізіп, қосымша табыс тауып отырмыз", - дейді Кеплинг.
Суреттер Олег Кеплингтің жеке мұрағатынан
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также