"Биші миллионер" Джанлука Вакки биік өкшелі туфлимен жалаңаш биледі

© instagram.com/gianlucavacchi

?леуметтік желілерде айры?ша биімен ж?лдыз?а айнал?ан италиялы? миллионер Джанлука Вакки та?ы бір ?нер шы?арды. Ол ішкиімде т?рып, биік ?кшелі туфлимен Sia ?ніне билеп, ?леуметтік желі ?олданушыларыны? назарына та?ы бір рет т?сті.

Әлеуметтік желілерде айрықша биімен жұлдызға айналған италиялық миллионер Джанлука Вакки тағы бір өнер шығарды. Ол ішкиімде тұрып, биік өкшелі туфлимен Sia әніне билеп, әлеуметтік желі қолданушыларының назарына тағы бір рет түсті.

Италиялық миллионер бұл видеосын Instagram желісіндегі паорақшасына жүктеген. Айта кетейік, 50 жастағы Ваккидің желідегі парақшасына 5,3 миллион адам жазылған. Ал жаңа биіне 1,2 миллион лайк басылған.  

Реклама
Реклама

Еске салайық, Джанлука Вакки қайықтағы биімен Интернетті шулатқан болатын. Бірнеше күннің ішінде бір жарым миллион рет қаралған видеода, кәсіпкер яхтаның бортында өзінің жас әйелі Джорджия Габриэлемен би билейді. Бұл видеодағы екеуінің жас аралығы емес, Джанлуканың би билеудегі ширақтығы қызығырақ болған. Пікір қалдырушылардың көбісінің айтуынша, ол әлдеқайда жас көрінеді.

Шетелдік БАҚ-тардың мәліметінше, Вакки автотрейлер құрастыратын зауыт пен дәрі-дәрмектің қаптамасын шығаратын компанияны басқарады екен, ал бос уақытында ол жаттығулар жасап дұрыс тамақтануға уақытын жұмсайды. Сонымен қатар, кәсіпкер денеге тату салуға құмар екен, оның денесіндегі суреттерді қолмен санап шығу мүмкін емес. 

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама