ПОДЕЛИТЬСЯ
14 мамыр 2021 | 09:29
Блогер көшеде кезіккендердің несиесін жауып берді
Алматыда TikTok-блогер Нұрбек Нұртаза қайырымдылық жасады: ол кездейсоқ алматылық тұрғындардың несиесін төлеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда TikTok-блогер Нұрбек Нұртаза қайырымдылық жасады: ол кездейсоқ алматылық тұрғындардың несиесін төлеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Блогердің видеосы Instagram-да мыңдаған қаралым жинады. Оқырмандардың сөзінше, олар видеоны көргенде көздеріне жас алған. Себебі "адамдардың шынайы сезімі экранның ар жағынан да байқалған" екен.
Нұрбек Нұртазаның сөзінше, адамдардың несиесін төлеп беру туралы идея аяқ асты келіп іске асқан.
"Біз қайырымдылықпен жиі айналысып тұрамыз, бірақ оны үнемі көрсете бермейміз. Кез келген адамға жақсылық жасауымыз мүмкін, ол жай көшеде кетіп бара жатқан адам, мүгедек немесе "жекеге" көмек сұрап жазған адам болуы мүмкін. Егер адам шынымен қиналып тұрса, көмектесуге тырысамын. Әсіресе қасиетті айда неге жасамасқа? Оның үстіне мүмкіндігің болып тұрса. Менің бұл ойымды әйелім мен отбасым қолдады", - дейді блогер.
Нұрбек көп тұрғын оған сенбей, айналып кеткенін айтады.
"Үш адамның несиесін жауып бердік. Бірақ біз қаржылай көмектескен көп адам кадрда жоқ. Мысалы бір әжейден гүл сатып алдық. Көп емес, 10-20 мың теңгеге. Мен қайыр тілейтіндерді онша ұнатпаймын, одан өз еңбегімен ақша табуға тырысып жүрген адамдарды құрметтеймін. Олар кітап, гүл сатып тұрады. Сондай адамдарға көмектесуге тырысамын", - дейді блогер.
Блогер бұл жолғы қайырымдылыққа бір миллион теңгеден аса қаржысын жұмсаған. Бұл күні қаржылай көмек шамамен он адамға жасалған.
"Бастапқыда белгілі бюджет болды. Бұл күні бір миллион теңгеден аса жұмсадық. Алдын ала есептеуге тырыстық. Ал видео түсірген кезде үлкен адамдарға көмектесуге тырыстық. Видеодағы күзетші мені өзі таныды. Оның әйелі менің оқырманым екен. Оның 463 мың теңге несиесі болған, біз 300 мыңын төлеп бердік", - дейді Нұрбек.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также