ПОДЕЛИТЬСЯ
18 шілде 2021 | 11:20
Блогер күн энергиясымен жүретін көлік жасап, Қазақстанда саяхаттап жүр
Санкт-Петербургке көшіп кеткен қазақстандық Никита Поддубнов күн энергиясын пайдаланатын электрмобиль жасап алды. Енді ол Қытайға саяхатқа аттанады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Санкт-Петербургке көшіп кеткен қазақстандық Никита Поддубнов күн энергиясын пайдаланатын электрмобиль жасап алды. Енді ол Қытайға саяхатқа аттанады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Салмағы 150 келі құрылым сағатына 30 шақырым жылдамдықпен жеті сағат жүре алады. Күн ашық болса, ол жүріп бара жатып күннен энергия жинайды.
"Оған бензин, ток қажет емес, тек күн керек. Мен бұл көлікпен тек күн энергиясын пайдаланып үш мың шақырым жүргім келеді", - дейді өнертапқыш Никита Поддубнов.
Блогер бұл қашықтықты үш аптада еңсеретінін айтты. Қазір жігіт Қазақстанда саяхаттап жүр. Әлеуметтік желілерде Ақтөбеден кадрларын да жүктеді. Көптеген адам керемет техниканы көруге келген екен.
"Мұндай технология Марста, Айда қолданылады, бірақ неге екені Жерде жоқ. Сондықтан өзіме электр көлігін жасауды ұйғардым. Шамамен көлікке бір миллион теңге жұмсадым", - деді Никита.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также