Боксшы Василий Левит рэп оқып берді

© voxpopuli.kz

?аза?станды? боксшы Василий Левит "?ызы? Times" телеба?дарламасыны? эфирінде рэп о?ып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстандық боксшы Василий Левит "Қызық Times" телебағдарламасының эфирінде рэп оқып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бағдарламаның үзіндісі YouTube желісіне жүктеліпті. Левит жүргізушілер Марат Оралғазинмен және Еркебұлан Мырзабекпен Dr. Dre деген америкалық рэп-орындаушының композициясының бірнеше тармағын оқыды. 

"Привет, народ, меня зовут Василий,
За вашу поддержку большое вам спасибо.
Я родом из Костаная, там солнце ярко светит.
Кто против Казахстана, тот "двойку" справа встретит".

Реклама
Реклама

Жүргізушілер Рио Олимпиадасының күміс жүлдегеріне Вася Rhymes деген лақап ат берді. Левиттің өзі Busta Rhymes-тан кем түспейтінін атап өтті. 

"Мы из страны героев, тут каждый этим горд!
Пусть "золото" не дали, но весь со мной народ.
Я буду биться дальше, не сдамся никогда,
Спасибо за внимание. Қазақстан, алға!"

Василий Левит қонақ болған бағдарламаның толық видеосын мына сілтемеден көріп шыға аласыздар. Сұхбатының барысында боксшы Евгений Тищенкомен тағы кездесуге қуанышты болатынын айтты. Кейін ол "Қызық Times" бағдарламасынан алтын медаль алды.

Еске салайық, Рио Олимпиадасының бокс турнирінің ақтық кездесуінде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ресейлік Евгений Тищенко қазақстандық Василий Левитті 3-0 есебімен жеңді деп тапқан еді. Кейін бұл жекпе-жек турасында халықаралық дау туындап, бокс әлемінің мамандары шешімнің әділ болмағанын мәлімдеп жатты. Ал кейін Халықаралық әуесқой бокс федерациясы осы жекпе-жекте төрелік еткен төрешілерді Олимпиаданың соңына дейін шеттеткен болатын. Алайда төрешілердің шешімі өзгеріссіз қалды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама