"Болашақта шығарылған айран" қазақстандықтарды таңғалдырды

"Болашақта шығарылған айран" қазақстандықтарды таңғалдырды

Қорабында шығарылған мерзімі келер күн көрсетілген айран қазақстандықтарды таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакциямызға оқырмандардан "Сайрам-сүт" айранының суреті келді. Сурет 16 қаңтарда түсірілген, ал қораптан айранның шыққан күні 17 қаңтар деп көрсетілгенін байқауға болады.

Реклама
Реклама

"Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" кәсіпорнының қызметкерлері суретті тексеріп, өндірушінің тағам өнімдері мариковкасы ережесін қатаң бұзғанын айтты. 

Кәсіпорынның санитарлық-гигиеналық бақылау департаментінің бас дәрігері Маржан Әпсеметованың айтуынша, "Тамақ өнімдерінің маркировка бөлігінде" Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес, қорапта өнімнің аты, сақтау шарттары, энергетикалық құндылығы, шығарылған уақыты мен жарамдылық мерзімі көрсетілуі тиіс.

"Егер тұрғындар бұл айранды 16 қаңтарда байқаған болса, әрине, заңбұзушылық бар. Өндірушілер "Тағам өнімінің қауіпсіздігі" заңын бұзып отыр. Бұл мәселемен айналысу керек", - деді Әпсеметова. Ол кәсіпорынның осы деректің материалдарын ОҚО СЭС-ке жолдайтынын айтты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама