18 мамыр 2022 | 17:38

Бозжыра маңында тест-драйв ұйымдастырғандар анықталды

Бозжыра шатқалы маңында тест-драйв ұйымдастырғандар мен жүргізушілер анықталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Маңғыстау облысы Полиция департаменті хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бозжыра шатқалы маңында тест-драйв ұйымдастырғандар мен жүргізушілер анықталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Маңғыстау облысы Полиция департаменті хабарлады.

"2022 жылдың 16 мамырында блогерлер Бозжыра шатқалы маңында жол талғамайтын көлікпен тест-драйв ұйымдастырған. Бүгінде жүргізушілер мен ұйымдастырушылар анықталды. Жүргізуші мемлекеттік нөмерсіз жүргені үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деді ПД өкілдері. 

Еске салайық, блогердің командасы Бозжырада түсірген видео Қазнетті ашуландырған болатын. Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Facebook-тегі парақшасында Бозжыра шатқалында түсірілген қысқа ролик жариялады. Оның кадрларынан ер адам балғамен тасты жерді ұрып, үгітіп жатқанын байқауға болады. Кадр сыртындағы дауыс олар мұны автомобильмен өте алуы үшін жасап жатқанын айтады. Жарияланым авторы олардың әрекетін сөккен.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная