БҚО-да ер адам 68 жыл бойы жеке басын анықтайтын құжатсыз өмір сүрген

БҚО-да ер адам 68 жыл бойы жеке басын анықтайтын құжатсыз өмір сүрген

Батыс ?аза?стан облысы Сырым ауданыны? т?р?ыны 68 жыл бойы жеке басын аны?тайтын ??жатсыз ?мір с?рген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы облысты? прокуратураны? ?кілдері хабарлады. Сырым ауданды? прокуратурасына Амангелді Иман?алиев оны? жеке басын ку?ландыратын ??жаттарын алу?а кейін зейнета?ысын та?айындау?а ж?рдемдесу туралы ?тінішімен ж?гінген.

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының тұрғыны 68 жыл бойы жеке басын анықтайтын құжатсыз өмір сүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыстық прокуратураның өкілдері хабарлады. Сырым аудандық прокуратурасына Амангелді Иманғалиев оның жеке басын куәландыратын құжаттарын алуға кейін зейнетақысын тағайындауға жәрдемдесу туралы өтінішімен жүгінген.

Оның 68 жыл бойы жеке басын анықтайтын құжатсыз өмір сүргені анықталды. Уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінген кезінде, оның дүниеге келуі туралы жазбаның жоқ екендігі туралы біркелкі жауаптарын алған. Cодан мемлекеттік органдардан қолдау таппаған Амангелді Иманғалиев аудандық прокуратураға жеке басын куәландыратын құжаттарын алуға кейін зейнетақысын тағайындауға жәрдемдесу туралы өтінішімен жүгінген.

Сырым аудандық прокуратурасының бастамашылығымен аудан әкімінің өкімімен аудан әкімдігінің, ішкі істер бөлімінің, АХАЖ органдарының, зейнетақы төлеу орталығының өкілдерімен комиссия құрылып, Елтай ауылдық округінің ақсақалдарының қатысуымен жиналыс өткізілді, бұл жиналыста қажетті куәлардың жауаптары жазылып, Иманғалиевтің дүниеге келу дерегін анықтауға бағытталған барлық мұрағаттық құжаттары көтерілді. Бұдан бөлек, аудандық емхана жанындағы диагностикалық-консультативтік комисиия құрылды және Иманғалиевтің болжамды жасын анықтау үшін медициналық клиникалық тексеру жүргізілді.

Реклама
Реклама

Жеткілікті негіздермен және жиналған құжаттармен аудан прокуратурасымен 2016 жылдың 11 ақпанында Сырым аудандық сотына Амангелді Иманғалиевтің дүниеге келуі туралы заңдық маңызы бар дерегін анықтау үшін талап арыз берілді. 2016 жылдың 25 ақпанында аудан сотымен прокурордың талабы қанағаттандырылды және Амангелді Иманғалиевтің 1947 жылы 15 мамырда дүниеге келгендігі туралы заңдық дерегі анықталды.

Айта кетейік, сот шешімінің негізінде құжаттандыру рәсімінен кейін 2016 жылдың 24 тамызында Амангелді Иманғалиев алғаш рет жеке басын растайтын құжатын алып, дәл осы зейнетақы төлеу орталығына барып, жасы бойынша зейнетақы алуға рәсімделді. Осылайша, Сырым аудандық прокуратурасымен басқа мемлекеттік органдардан қолдау таппаған азаматтың  үміті ақталды.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама