29 қараша 2018 | 14:59

Бразилияда 118 жастағы ер адам табылды

Бразилияның Баия штатындағы Итажуипи қаласында 1900 жылы дүниеге келген болуы мүмкін ер адам табылды. Егер оның жасын ресми түрде дәлелдеу мүмкін болса, ол әлемдегі ең қарт адам болып тіркеледі, - деп хабарлайды Daily Mail.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бразилияның Баия штатындағы Итажуипи қаласында 1900 жылы дүниеге келген болуы мүмкін ер адам табылды. Егер оның жасын ресми түрде дәлелдеу мүмкін болса, ол әлемдегі ең қарт адам болып тіркеледі, - деп хабарлайды Daily Mail.

Жозе Феррейра дос Сантостың (Jose Ferreira dos Santos) туу туралы куәлігіне сәйкес, ол 1900 жылы 9 қарашада Барракан ауылында дүниеге келген. Қазіргі уақытта бұл елді мекеннің орнында Риу-Реал қаласы орналасқан. Осылайша ол әлемдегі ең қарт адам болып тіркелген жапониялық 115 жастағы Канэ Танакидан үш жас үлкен болып шығады. 

Реклама
Реклама

1940 жылы ол 20 жастағы Линдауре Роше де Жезуспен (Lindaura Rocha de Jesus) үйленген. Қыз бала ата-анасының рұқсатынсыз тұрмысқа шыққан. "Анам маған қатты ашулы еді", - дейді Сантостың жары 89 жастағы Линдаура.

Ұзақ өмір сүрген адамның оқиғасын блогер кездейсоқ біліп қалған. Қазіргі уақытта ол қажетті құжаттарды рәсімдеп, Гиннестер рекордтар кітабына енгізілуін талап етпекші. 

2013 жылы жапониялық 116 жастағы Дзироэмона Кимураның қайтыс болғаны хабарланды. Ол 1897 жылы дүниеге келген. Ол қай заманда болса да Жер бетінде өмір сүрген ең қарт адам ретінде Гиннестер рекордына енген.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная