17 қыркүйек 2020 | 09:15

Бүркіт пен келестің айқасы видеоға түсірілді

Фото: © YouTube/Kruger Sightings

ОАР-дағы Крюгер ұлттық паркінде фотограф және гид Родни Номбекана бүркіт пен келестің айқасын видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі National Geographic сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ОАР-дағы Крюгер ұлттық паркінде фотограф және гид Родни Номбекана бүркіт пен келестің айқасын видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі National Geographic сайтына сілтеме жасап.

Туристер де әсерлі көріністің куәгері болған. Бүркіт кесірткені бар салмағымен басып, оны жеңуге тырысқан. Айқас кезінде бүркіт келестің көзін жұлып алған. Алайда кесіртке де оңай жеңілгісі келмегенге ұқсайды. Ол да бүркітті құйрығымен ұруға тырысқан.

Реклама
Реклама

Туристер таңғы асқа барып, кейін сол жерге қайта оралған. Бүркіт пен кесіртке әлі де айқасып жатқан. Екеуінің айқасы шамамен 5 сағатқа созылыпты. Соңында бүркіт жеңіске жеткен.

Айта кетейік, бүркіт Африкадағы ең ірі жыртқыш құс болып саналады. Оның денесінің ұзындығы 78-ден 96 сантиметрге дейін, қанаты 227 сантиметрге жетеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная