"Что? Где? Когда?" білгірлері қазақстандық қыздың сұрағына жауап бере алмады

Еуразиялы? бірінші арнада?ы ата?ты "Что? Где? Когда?" ба?дарламасыны? білгірлері ?скемендік к?рермен Ирина Непрокинаны? тосын с?ра?ына жауап бере алмады.

Еуразиялық бірінші арнадағы атақты "Что? Где? Когда?" бағдарламасының білгірлері өскемендік көрермен Ирина Непрокинаның тосын сұрағына жауап бере алмады.

10 маусымда шыққан жазғы үшінші ойында, Игорь Алексеевтің (Ресей Сыртқы Істер Департаментінің өкілдері) тобы тығырыққа тірелді.

"Неліктен Оңтүстік полюстегі Амундсен экспедициясының азық-түлік қоймасында барлық қораптағы жазулар солтүстік бағытта қойылған?", - деген сұрақ қойды көрермен.

Реклама
Реклама

Топтың қатысушысы Сергей Ковалевский былай деп пайымдады:  "Полюсте компаспен жұмыс істеу қиындық туғызады. Сондықтан біздің ойымызша, дұрыс бағытты сілтеу үшін қораптағы жазу әдейі солтүстік бағытқа қараған".

Бірақ сұрақтың дұрыс жауабы: "Оңтүстік Полюсте поляр түні жарты жылға созылады, ал ең жарқын полярлық шамдар солтүстікте бар. Сол себептен қосымша табиғи жарықтандыруға қол жеткізу үшін қораптар солтүстік бағытқа қараған".

Нәтижесінде телекөрермен Ирина Непрокина 70 мың рубльді қанжығасына байлады.

Сұрақ қойылған бұл эпизодты видеоның 11:58-ші минутынан бастап көруге болады:

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама