Дәурен Абаев экстремалды жағдайда тірі қалу керек болатын реалити-шоуға қатысады

Дәурен Абаев экстремалды жағдайда тірі қалу керек болатын реалити-шоуға қатысады © Тұрар Қазанғапов

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Qazaqstan арнасында көрсетіле бастайтын реалити-шоуға қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министрді шоуға қонақ ретінде "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин шақырды. 

"24 сағат табиғат аясында" реалити-шоуының қатысушылары иен далада жүріп аман қалуы тиіс.

"Мен дайынмын, қолымнан келетін шығар. Бұл мен үшін бір өзгеше тәжірибе болмақ. Мен қуана келісетін едім, уақытымды қарап көрейін. Қыркүйек, қазан айларының бірінде қатысқым келеді. Қолымнан келсе желтоқсанда түсермін", - дейді министр. 

Жарнама
Жарнама

Жоба ҚҚазақ географиялық қоғамының қатысуымен іске қосылады. Бағдарлама авторлары Қазақстанның 14 аймағын аралап, табиғаттың ең көрікті жерлерін көрсетуге тырысады. 

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама