ПОДЕЛИТЬСЯ
26 шілде 2021 | 13:46
Демалушылар Көк-Жайлауда қап-қап қоқыс тастап кеткен
Көк-Жайлау баурайында демалушы тұрғындар қоқыс салынған қаптарды тастап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Көк-Жайлау баурайында демалушы тұрғындар қоқыс салынған қаптарды тастап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2021 жыл, 25 шілде. Кеше кешке Көк-Жайлаудан өттік. Жағажайда демалып жатқан туристер болды. Түнде адамдар қалаға қайтқанда тауда бір төбе болып үйілген қоқыс қалды.
Әлеуметтік желілерде, достар арасында таратыңыз. Қоқысты алып кету керек, тауда қоқысты қалдыруға болмайды! Көміп, шатқалға, жолға лақтыру дұрыс емес. Оны қалаға алып кету керек", - деді турист Александр.
Айта кетейік, саяхатшылардың көпшілігі алаңды тазарту үшін 1-2 қап қоқысты алып кетуге тырысқан, бірақ әлі күнге дейін Көк-Жайлауда төбе болып үйілген қоқыс жатыр.
Белсенділер бүгін, 26 шілдеде кешкі уақытта бірігіп, қалған қоқысты жинауға шақырады.
"Тілек білдірушілер, бүгін сағат 19.30-да "Просвещенец" аялдамасында жиналады. Өзіңізбен бірге қаптар (60 литр) және қолғап ала шығыңыз", - деді тау-кен гиді Нұрбол Нұралин.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также