Диетологтар таңғы асқа пицца жеуге кеңес берді

© slivki.by

Диетологтар та??ы ас?а ??р?а? ?лпектен г?рі пицца жегенні? пайдалы екенін айтты, деп жазады life.ru.

Диетологтар таңғы асқа құрғақ үлпектен гөрі пицца жегеннің пайдалы екенін айтты, деп жазады life.ru.

Диетолог маман Челси Амердің айтуынша, әдетте көпшіліктің таңғы асқа жейтін жүгерінің қауызына қарағанда майлы пиццаның бір тілімінде өте көп мөлшерде макроэлемент бар. Құрғақ таңғы астардың калориясы төмен болғанымен, пиццада майдың, ақуыз бен көмірсудың сұрыптамасы үйлестірілген.

"Егер сіз пиццаның орташа бір тілімі мен бір тегеш үлпек пен сүттің құрамындағы калория бірдей екенін естісеңіз таңғаласыз. Дегенмен, пиццада ақуыз көп, ал ол болса тоқтық сезімін сыйлайды", - деді Амер. 

Реклама
Реклама

Мысалы, Pepperoni Domino бір тілімінде 249 калория бар, бес грамм май, сегіз грамм ақуыз және бес грамм қант. Ал Crunchy Nut жүгері қауызында - 180 калория, 17 грамм қант, бес грамм ақуыз және төрт грамм май.

Маманның сөзіне қарағанда, пиццада май көбірек болғанымен, қанттың мөлшері айтарлықтай төмен. Сондықтан, әр таң сайын құрғақ үлпілдектерге сүт қосып жеудің орнына пепперони жейтіндердің қан құрамындағы қанттың көбейіп кетуінен қорықпауына болады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама