29 қазан 2019 | 16:58

Екі Димаш АҚШ-та. Әнші мен полицей Нью-Йоркте кездесті

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нью-Йоркте қазақ-полицей Димаш Ниязовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нью-Йоркте қазақ-полицей Димаш Ниязовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Димаш Ниязов Instagram желісіндегі парақшасында бірге түскен селфи суретін жариялады. 

Реклама
Реклама

"Димашты екіге көбейтсе не болады?", - деп жазды ол суреттің сипаттамасында. 

"Ән айтатын полицей болады", - деді naziq.n есімді Желі қолданушы. 

"Ди Құдайбергеннің күзеті мықты. Dears Нью-Йоркте өтетін концерт үшін алаңдамайтын болды", - деп жазады eva_gennady.

"Қазақстандық красавчиктер!", - деп жазды sara.zaochnyy. 

Айта кетейік, Димаш Құдайберген бүгін Қазақстанның Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігіне келді. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми жаңалықтарының Telegram арнасында мәлім болды. 

Димаш Ниязов - Нью-Йорк қаласының полицейі, Қазақстан тумасы. 13 жасында АҚШ-қа көшіп кеткен. Бруклин аумағында патруль қызметін атқарды. 2017 жылдың басында үздік полицей атанды. Сонымен қатар, ол кәсіпқой боксшы.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная