ПОДЕЛИТЬСЯ
22 желтоқсан 2020 | 09:13
"Екінші Чернобыльге айналуы мүмкін". Жұмыстан шығып қалған мұнайшы Тоқаевқа үндеу жасады
Өзін "Теңізшевройл" экс-қызметкері деп таныстырған ер адам екі видеоүндеу жасап, мұнай-газ кен орнындағы жемқорлық пен улы қалдықтарға назар аударуды сұрады. Видеолар Instagram желісіндегі Kris P Brothers️️️ тобында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өзін "Теңізшевройл" экс-қызметкері деп таныстырған ер адам екі видеоүндеу жасап, мұнай-газ кен орнындағы жемқорлық пен улы қалдықтарға назар аударуды сұрады. Видеолар Instagram желісіндегі Kris P Brothers️️️ тобында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мен 2016-2019 жылдар аралығында "Теңізшевройл" компаниясында жұмыс істеп, айына бір миллион теңгедей жалақы алдым. Бірақ айналамда тамыр-таныстық пен жемқорлық жайлап кеткендіктен өзімді бақытсыз сезіндім. Барлық қызметкер біреудің туысқаны болды. Салауатты бәсекелестік болған жоқ. Одан бөлек, экологияға да біраз залал келтірілді. Мен қоршаған ортаның ластануына және жемқорлыққа қарсы болдым. Олар шындыққа шыдамай мені себепсіз жұмыстан шығарып жіберді. Мен мынаны сұрағым келіп отыр: неліктен біздің елде қарапайым қызметкердің құқығын қорғайты заң жоқ? Неліктен ірі компаниялар қызметкерлерін себепсіз жұмыстан шығарып жібереді?", - дейді ер адам.
"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, экология министрі, мұнай және газ министрі. Теңізде қанша қалдық шығарылатынын білесіздер ме? Есепте басқа нәрсе айтылады, ал іс жүзінде ол екінші Чернобыльге айналуы мүмкін. Күкіртсутек, аммиак, радиация және басқа да көптеген химиялық зат шығады. Біздің мамандар бұл бойынша жұмыс істегілері келмейді және басшылықта қабілетсіз адамдар отыр. Олар шешім қабылдай алмайды, себебі ол жаққа парасыз жұмысқа орналасу мүмкін емес. Шара қабылдап, улы қалдықтарға тексеріс жүргізуді сұраймын", - деді ол екінші видеода.
Желі қолданушылары ер адамның үндеуіне қатысты әртүрлі пікір қалдырған. Бірі ролик авторымен келіскен.
"Оған ештеңе болмайды деп үмітенемін, артынан инстаграмда кешірім сұрап отырмаса болды", - деді желі қолданушысы.
Енді бірі ер адамның шынайылығына күмәнмен қараған.
"Егер жұмыстан шығармаса үндемей жүретін еді! Айына бір миллионсыз өмір сүрген қиын шығар".
"Жұмыс істеп жүргенде аузын ашпады, шығарып жіберіп еді бірден жылай бастады", - дейді желі қолданушылары.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также