29 наурыз 2022 | 10:10

"Ешкім көрмейді деп ойладым". Қарапайым келін TikTok-та қалай танылды?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Әлеуметтік желілерде түрлі тағамның дайындалу жолын бөлісіп, үй шаруасына үлгеріп, сол көріністің бәрін қызық түрде парақшаларына жүктеп жүрген келіндер қатары аз емес. Tengrinews.kz тілшісі Желіде парақшасын белсенді түрде жүргізіп, көптің көңілінен шығып жүрген Әйгерім Оңғаровамен сөйлесіп, контентті ерекше стильде ұсынуына не себеп болғанын, қалай белсенді болу керек екенін сұрап көрді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде түрлі тағамның дайындалу жолын бөлісіп, үй шаруасына үлгеріп, сол көріністің бәрін қызық түрде парақшаларына жүктеп жүрген келіндер қатары аз емес. Tengrinews.kz тілшісі Желіде парақшасын белсенді түрде жүргізіп, көптің көңілінен шығып жүрген Әйгерім Оңғаровамен сөйлесіп, контентті ерекше стильде ұсынуына не себеп болғанын, қалай белсенді болу керек екенін сұрап көрді.

Пайдалы контент ұсынып, Желі қолданушыларын тәнті еткен қарапайым келіннің бірі - 29 жастағы Әйгерім. Ол - Сарыағаштың келіні. Қазір 3 қыз 1 ұл тәрбиелеп отыр. Әйгерімнің TikTok-та 400 мың оқырманы бар. Ал видеолары 8 милионнан аса қаралым жинаған.

Реклама
Реклама

Әйгерім Оңғарова

@konir.at.kreger.1

Мына тамақты ұнататындар бар ма? Тек қыздарыма ұнайды, қай елдің тамағы негізі??

♬ Waka Waka (This Time for Africa) - Perry Kills

Карантин көпшіліктің ешкім білмейтін қырларын ашуға көмектескені жасырын емес. Әйгерім де карантин кезінде әлеуметтік желіде парақшаларын белсенді түрде жүргізе бастаған.

"2020 жылы карантин кезінде бәрі блогер болып кеткен секілді. Мен де сол жыл аяқталар кезде, жаңа жылдың алдында парақшамды жүргізе бастадым. TikTok-ты Stories жүргізуге деген қорқынышты жеңу үшін ашқан едім. Ол жерде ешкім көрмейді деп ойлап, өзімді шынайы ұстап, видеолар жүктей бастадым", - деді Әйгерім.

Оның айтуынша, Желіде халыққа видеолары ұнағанын байқап, одан әрі шабыттана түскен.

"TikTok-тағы қазіргі парақшамды ашқаныма бір жыл да болмады. Түсірген видеоларым қарапайым адамдардың көңілінен шығып жатқанын көрген соң, халықтың пікірін оқығаннан кейін тағы да видео түсіру туралы идея келеді. TikTok-тан көрген жандар Instagram-парақшама жазылып, оны да жақсы жүргізуіме себеп болды", - деді ол.

Ол Instagram желісінде 75 мың оқырманы барын, ал күнделікті 18 мың адам бақылайтынын айтты.

"Кейде қуанамын, кейде кішкене қиындау болады. Түрлі пікір кейде ауыр тиеді. Бәріне үлгере алмайтын кездер болады. Бірақ видео түсіріп, оны монтаждау қатты ұнайды, рахат сыйлайды. Өз ойыммен түсіремін, идеясын да өзім шығарамын. Өз өмірімді қызық бояуға бояймын. Өзім сценарист, өзім видеограф, өзім әртіспін", - деді ол күліп.

@konir.at.kreger.1

Рэк па? Брэк па? Шрэк па?

♬ Que Viva Panamá - Gaitanes
@konir.at.kreger.1

Ұқсата алдым ба??

♬ оригинальный звук - Айко🥇

"Депрессияда жүрген жандардың көңілін көтеріп, жүздеріне күлкі, мотивация сыйлаймын деп ойлаймын. Жағымсыз видеоларды көргенше, менің видеомнан соң адамдардың үй жинауға, ас әзірлеуге деген қызығушылығы оянатын секілді", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная