Есіл өзенінің жағалауында жаңажылдық сағат орнатылды

Астанада Есіл ?зеніні? жа?алауында жа?ажылды? са?ат орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі М?дениет, м?ра?аттар ж?не ??жаттама бас?армасына сілтеме жасап.

Астанада Есіл өзенінің жағалауында жаңажылдық сағат орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, сағаттың диаметрі - 17 метр. Сағат жарықдиодтармен көмкерілген, соның арқасында түнгі уақытта әдемі композицияны тамашалауға болады. Конструкцияның ерекшелігі өзенде орналасуында. 


© Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

Реклама
Реклама

"Сағатқа нақты уақытта көрсететін механизм орнатылған, Есіл өзенінің жағалауындағы жаңажылдық отшашу осы сағаттың тілі 00.00-ді көрсеткенде болады. Сағаттың аумағы көз тартады және қысқы демалысқа таптырмас жер. Елорда тұрғындары мен қонақтарына мұз төбешіктер және 8000 шаршы метр болатын сырғанақ орнатылды."

Ведомстводағылардың айтуынша, Есіл өзенінде орналасқан сағат әлемде ең үлкені болуы мүмкін. Манхэттеннің Гудзон өзенінде орналасқан атақты Colgate сағатының диаметрі - 15,24 метр.


© sxodim.kz

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама