Еуропа тұрғындары "Қызыл өрік" әнін Қазақстан Тәуелсіздігі күніне арнады

©Youtube.com желісінен алынған кадр

Бүгін, 16 желтоқсанда Youtube ресурсының қолданушысы Біржан Әшім еуропалықтардың "Қызыл өрік" әнін орындағаны бейнеленген видеосын жүктеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Автордың айтуынша, бұл видео Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арнайы жасалған. "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін тойлауға орай біз Еуропаға Қазақстанның бір бөлшегін енгізуді ұйғардық. Бұдан шыққаны осы", - делінген видеоролик сипаттамасында.

Реклама
Реклама

Біржан Әшім - Венгриядағы қазақстандық жастардың "Бірлік" студенттер ассоциациясының өкілі. Ассоциация Қазақстанның Венгриядағы елшілігінің қолдауымен ашылған. Бұл ұжым еуропадағы қазақстандық жастардың жаңалықтарын, іс-шаралар туралы ақпараттарын таратумен, сонымен қатар, студент жастардың оқу мәселесіне көмек көрсетумен айналысады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама