Еуропада суы тартылып жатқан өзендерден үрейлі жазба шықты

Еуропада суы тартылып жатқан өзендерден үрейлі жазба шықты Эльба өзені. © REUTERS/Fanny Brodersen

Еуропадағы құрғақшылықтың салдарынан ірі өзендердегі су тартылып, су астынан жүздеген жылдар бойы көрінбеген тастар көрініп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, әдетте өзендерде тасқа ұқсас заттардың пайда болуы адамдарға құрғақшылықтың келе жатқанын ескерту белгісі ретінде болған. Ондағы ескі тас 1616 жылдан бері келе жатыр екен және ол Еуропа бойынша ең ескі тас болып саналады. Таста неміс тілінде былай деп жазылған: "Мені көргенде жылаңдар".

Айта кетейік, мұндай тастар жайлы алғаш рет XIX ғасырдың екінші жартысында айтыла бастаған. Ол құрғақшылық болады дегенді білдірген.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама