ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 18 қазан 2017 17:45
EXPO территориясында жайылып жүрген қозы-лақ Желі қолданушыларын күлдірді
?леуметтік желілерде Астанада?ы EXPO-2017 к?рмесіні? территориясында жайылып ж?рген ?озы-ла?тарды? видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде Астанадағы EXPO-2017 көрмесінің территориясында жайылып жүрген қозы-лақтардың видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"EXPO жабылды, енді шөп қырқатын адам жоқ сияқты", - деп әзілдеді Instagram желісіне видеоны жүктеген адам. Видео бірнеше сағаттың ішінде 75 мыңнан аса қаралым жинап, көптеген әзіл айтылып жатыр. Кейбірі қозы-лақты биоотынмен жүретін шөп қырқатындар деп атады.
"Тіпті қозы да ЭКСПО-да болды, ал мен болмадым...", - деп пікір қалдырыпты @dinabell09
Ал кейбірі малдың мұнда таяу маңдағы саяжайлардан келген болуы мүмкін дегенді айтып отыр.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу