ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қыркүйек 2019 | 17:39
Футбол алаңына баруға тыйым салған жанкүйер қыз өз-өзіне қол салды
Иранда футбол жанкүйері Сахар Ходаяри сот ғимаратының алдында өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Independent.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Иранда футбол жанкүйері Сахар Ходаяри сот ғимаратының алдында өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Independent.
Басылым мәліметінше, 30 жастағы Ходаяри футбол матчына қатысуға тыйым салынғаны үшін және осы әрекеті үшін сотталуы мүмкін болған соң қарсылық білдірген. Әйел адам ауруханаға жеткізілген уақытта оның денесі 90 пайызға күйіп қалған, соның салдарынан қайтыс болды.
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) жанкүйер қыздың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Ұйым басшылығы Иран билігін барлық әйелдерге еркіндік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шақырды.
Биыл наурызда Ходаяри азиялық Чемпиондар лигасында жанкүйерлік ететін жергілікті "Эстегляль" мен БАӘ-нің "Аль-Айн" командасына қарсы ойынға қатысқан еді. Иранда 1981 жылдан бастап ерлер ойнайтын футболға әйел адамдардың тамашалауына тыйым салынған. Осыған байланысты қыз бала қамауға алынды, оны екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.
Показать комментарии
Читайте также