Футбол матчы кезінде анасына қорлау сөз айтылған төреші жылап қалды

Футбол матчы кезінде анасына қорлау сөз айтылған төреші жылап қалды Видео кадры

Тунис чемпионатының төрешісі Яссин Харуш "Бизерте" және "Марса" (1:0) футбол матчы кезінде алаңда жанкүйерлердің сөзінен жылап қалған, - деп хабарлайды Eurosport.

Харуш "Бизерте" жанкүйерлерінің оның анасына қарата айтқан ауыр сөздерінен кейін көзінен аққан жасын ірки алмай, ойынды тоқтатып тастаған. Екі команданың ойыншылары да төрешіге қолдау білдіріп, матчты жалғастыруын сұрайды. 

Алайда ол алаңнан шығып кетеді. "Мұндай қорлау сөздерін естіп, жыламау мүмкін емес. Кім болса да анасын қорлағанды жақсы көрмейді. Құдай анамның әруағын пейіштен етсін", - деп келтіреді басылым Харуштың сөзін.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама