ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 11 қазан 2019 17:50
Ғарышкер Алексей Леонов қайтыс болды
Кеңес ғарышкері Алексей Леонов 85 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости. Ақпаратты Юрий Гагарин атындағы ресейлік ғарышкерлер дайындау орталығы растады.
"Иә, амал не, бұл шынымен де солай", - деді ғарышкерлерді дайындау орталығының өкілі.
Алексей Леонов - ғарыш айлағына шыққан алғашқы адам. Бұл 1965 жылы 18 наурызда болған. Ұшу 12 минутқа созылған, бірақ Леонов қайтып бара жатқанда қиын жағдайға тап болған, скафандрынан ауа шығып кеткен. Десе де барлығы оңынан болып Алексей Леонов аман қалған.
Ол 1934 жылы 30 мамырда Листвянка ауылында дүниеге келген. Екі Мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу