Головкин америкалық тілшінің "Борат" туралы сұрағына жауап берді

Головкин америкалық тілшінің "Борат" туралы сұрағына жауап берді ©TMZSports

Америкалық TMZSports танымал порталының тілшісі қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен кішігірім сұхбат алды. Репортер спортшыдан "Борат" фильмін көрдіңіз бе?" деп сұрайды. Геннадий "Иә, көрдім, бірақ барлық көрсетілгендер - өтірік" деп жауап қатады.

Боксшының айтуынша, фильмдегі әзіл жарасымсыз, ал кино күлкілі емес. "Бұл Қазақстан емес, бұл нағыз Қазақстан емес", - дейді Геннадий.

"Ал бұл фильмнің екінші бөліміне, яғни "Борат 2" туындысына түсуге шақырса не істер едіңіз" деген сұраққа Головкин қысқа ғана "Жоқ, жоқ" дейді.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, 33 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин кәсіби рингте бір де бір рет жеңіліп көрмеген. Қазіргі уақытта ол АҚШ-та жаттығу жасап жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама