19 қараша 2020 | 08:36

Ханкөл ауылының тұрғындары қыздың "елесі" туралы шындықты айтты

"Уральская неделя" журналистері жергілікті тұрғындардың айтуынша қыздың "елесі" қорқытатын БҚО Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Уральская неделя" журналистері жергілікті тұрғындардың айтуынша қыздың "елесі" қорқытатын БҚО Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ханкөл Оралдан шамамен 250 шақырым жерде орналасқан. Тілшілер ауылға барып, тұрғындармен, әсіресе елесті көргендермен сөйлесті.

Реклама
Реклама

Жусандыой ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Ербол Бақытжанов елес туралы әңгімеге сенбейтінін айтты.

"Біздің ауылдық округ үлкен. Ханкөл ауылы да оның құрамына кіреді. Мұнда 494 адам тұрады. Осы сыбыс сол жақтан шықты. Ауылға КамАЗ келіп, оның жүргізушісі көлігінде елес көрген жағдай - рас. Мұндай жағдай болды. Бірақ шашы ақ қыз жолдың бойында тұрды деген өтірік. Біз елес көрген ешбір адамды таппадық. Бұл енді барып тұрған өтірік. Жай әлеуметтік желіде тарап кеткен. Құрбан шалынды, бірақ оның елеске қатысы жоқ. Жеке өз басым бұған сенбеймін. Біз мұндай садақаны жылда ел мен жер үшін береміз. Биыл ауыл әкімі және ақсақалдармен ақылдасып, аз адам шақырып, құрбан шалдық. Әлеуметтік желіде тарап жатқан фото мен видеода біздің ауыл емес. Ол жерде асфальт төселген, сызығы бар. Сіздер ауылға келе жатқанда біздің жолды көрдіңіздер - асфаль жоқ. Сондықтан бұл фейктің бізге қатысы жоқ. Желідегі елес жолда тұрады, үйлердің терезесін қағады дегеннің бәрі жалған. Мен елес көрмедім және өзім оған сенбеймін", - деді әкімдік қызметкері.

"Құрбан шалдық, бірақ елес үшін емес". Ауыл әкімі қазақстандықтарды алаңдатқан оқиға туралы

Ханкөлде журналистер ауылдың 77 жастағы ақсақалы Беркін Оразовпен кездесті. Ол да қыздың елесі туралы естігенін айтты. 

"Соңғы рет елес туралы садақаға барған кезде естідім. Құрбан шалған асқа Егіндікөл және Қоскөл тұрғындары да келді, солар елес көрген. Олардың айтуынша, Ханкөлге келе жатқан жолда елес көрінген. Мен олардың сөзіне сенбеймін. Егер ол рас болса, ішімізден біреу -  ауыл тұрғындарының бірі көретін еді. Біз бірнеше жылдан бері малды ен даладан құтқарамыз, түнжарымда далада жүреміз. Неге біз бір рет те көрмедік?" - деді зейнеткер.

Кейін басылым тұрғыны ауылдың орта жастағы тұрғындарымен әңгімелесті. 

"КамАЗ жүргізушісі көлігіне отырған елес туралы ештеңе айтпаған. Ол ауылға түнде емес, таңертең сағат 10-ға қарай келген. Оны көрген таныстарымнан сұрадым. Жүргізуші ауырып қалған және оны Қаратөбеге апарып тастауды сұраған. Бұл жағдай шілдеде болды, енді бәрі кеше болғандай тарап жатыр. Адамдарды былай қорқытауға болмайды. Енді тұрғындар түнде үйден шығуға қорқып қалды. Адамдарды ешқандай жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамын", - деді Ханкөл ауылының тұрғыны Серік.

Журналистер ауылдан кетіп бара жатқанда қыздың елесі көрінген жолмен жүрген. 

"Таңғалмаймыз, үйге жеткенше ешқандай оқиға болған жоқ. Тек бір сиыр жолға шығып, апат бола жаздады", - деп жазды басылым. 

Еске салайық, Ханкөл ауылының тұрғындары шашын жалбыратқан қыздан үрейленіп отырғанын айтты. Олардың айтуынша, елес терезені қағады және тасжолдың бойында жүргізушілерді қорқытады. Жүргізушілердің кейбірі елес көліктің ішінде пайда болып, айдауға кедергі жасайтынын айтады. 

Кейін Ауыл әкімі жергілікті имам және ақсақалдармен бірге "қара күштен" құтылу үшін құрбан шалды деген хабар тараған. Алайда БҚО Жусандыой ауылдық округінің әкімі Талап Қазиев "құрбан шалдық, бірақ елес үшін емес" деген болатын. 

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев жергілікті тұрғындарды қорқытатын елесті тексеру үшін полицейлерді Ханкөл ауылына (Қаратөбе ауданы) жібергені белгілі болды. Кейін полицейлер тексеріс нәтижесін жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная