Иракта мысықтарға арналған қонақүй ашылды

© Essam Al Sudani / Reuters

Мысы?тар?а арнал?ан т???ыш ?она??й Иракта ашылды, деп хабарлады Lenta.ru порталы Reuters басылымына сілтеме жасап.

Мысықтарға арналған тұңғыш қонақүй Иракта ашылды, деп хабарлады Lenta.ru порталы Reuters басылымына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, болашақ мал дәрігері Ахмед Тахер Маки есімді студент өз үйін мысықтарға арналған қонақүйге айналдырды. Оның айтуынша, мұндай қонақүй Иракта бұрын-соңды болмаған.

"Мысықтарға арналған қонақүй Ирактың оңтүстік-шығысындағы Басра қаласында орналасқан. Қонақүйде бір түн түнеп шығудың ақысы - бес мың динар (шамамен 240 рубль). Оның ішіне тамағы, ұйықтайтын орны, медициналық тексеру мен ойын алаңы кіреді", - делінген жарияланымда.

Реклама
Реклама

Макидің айтуына қарағанда, ол осылайша адамдарды мысықтарды үйге алуға шақырмақшы. "Жануарларға қамқорлық жасау адамдардың жүрегінің шапағатқа толы болуына жол ашады", - деді ол.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама