02 қаңтар 2021 10:12

"Ирония судьбы" жұлдызы фильмнің жыл сайын көрсетіле беруіне наразы болды

"Ирония судьбы, или с легким паром!" фильміндегі Евгений Лукашинді ойнаған актер Андрей Мягков бұл кинокартинаны әр жаңа жылда көрсете беру дәстүрін сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол "Комсомольская правда" газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бұл менің сүйікті фильмім деп айта алмаймын, өйткені кез келген жауһарды жыл сайын бірнеше рет көрсету - жалықтырып жіберуі мүмкін (...). Көрерменді зеріктірмеу керек, бірақ, әрине, олардың пікірі басқа, адамдар жыл сайын осы картинаны көргенді ұнатады. Алайда менің ойымша, бұл - шектен шығу", - деді ол.

Реклама
Реклама

Әртіс мереке қарсаңында сол фильмдерді қайта қарауды ұнататын жанкүйерлердің пікірін құрметтейтінін де атап өтті. Ол өзі олай істемегенімен, фильмнің түсірілім кезін әлі де жылы еске алатынын бөлісті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram