08 желтоқсан 2016 | 12:38

Исекешев мектепте қандай пәнді сүйіп оқығанын айтты

© Тұрар Қазанғапов

Астана әкімі Әсет Исекешев мектептегі өзінің сүйікті пәнін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана әкімі Әсет Исекешев мектептегі өзінің сүйікті пәнін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Астанада дарынды оқушылармен кездесу барысында "калькулятор-бала" Ілияс Тоқтархан әкімнен мектепте қандай пәнді сүйіп оқыдыңыз деп сұрады. 

Реклама
Реклама

"Менде математиканы жақсы көрдім. Математика, алгебра, геометрияны сүйіп оқыдым. Көбірек алгебраны", - деді әкім.

Ілияс Тоқтархан Астана әкіміне өзінің математикалық қабілетін тексеріп көруді ұсынды. "Мүмкін сіз мені тексеріп көрерсіз?", - деді оқушы. 

"Мен бірнеше цифр айтуым керек пе? Сен оның барлығын жаттап алған боларсың? (...) 25-ке 73-ті көбейт", - деді Әсет Исекешев. 

"1825", - деп дереу жауап берді оқушы. 

Еске салайық, Астаналық 10 жастағы оқушы ресейлік телешоудың әділ қазылары мен көрермендерін математикалық есептерді ойша жылдам есептей алатындығымен таңдандырды.

"Россия 1" арнасының эфиріндегі "Удивительные люди" жобасында Ілияс үш сынақтан да өте алған: алдымен ол бірнеше секундта екі және үш таңбалы санды қосып, кейін екі қос таңбалы санның шаршысын, артынша осы сандардың шаршыларының айырмашылығын шығарып берді. Көрермендер балақайға аяқтан тік тұрып қол шапалақтады. Шоу таспасы Youtube хостингінде пайда болғанын айта кетейік. 

Сонымен қатар, Ілияс Tengrinews.kz экспериментіне қатысып, өз қабілетін көрсеткен болатын.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная