Жаңа жыл түнінде бауырға салмақ түспеу үшін не істеу керек?
Тәтті әрі өткір күшті ішімдіктер бауырға қосымша күш түсіреді. Мұндай ескертуді жаңажылдық кешке орай ресейлік психиатр-нарколог Евгений Брюн жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас маманы психиатр-наркологтың мәлімдеуінше, жаңажылдық кеш үшін ішімдік алғанда ақ құрғақ шарапты таңдау керек, себебі оның ағзаға зияны айтарлықтай төмен.
"Ең дұрысы, ақ құрғақ шарап, ол бауыр үшін айтарлықтай жеңіл. Бастысы - өткірлігі күшті ішімдіктерді ішпеу", - деді ол.
Брюннің айтуынша, тәтті ішімдіктер денсаулық үшін зиянды, себебі олар бауырға түсетін салмақты арттырады. "Ішімдік пен қант бір-бірімен бәсекелес болып келеді, сондықтан ішімдік одан әрі қорытылмай қояды", - деп түсіндірді Брюн.
Оның сөзіне қарағанда, түнде ішімдік ішу денсаулық үшін зиянды, себебі бауыр түнгі уақытта ішімдікті өте нашар қорытады, соның салдарынан ішімдік токсикозы күшейеді.