09 наурыз 2022 | 09:41

"Жарасып тұр". Тойда билеп, өнер көрсеткен ер адам Желі қолданушыларын тәнті етті

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Тойда билеп, өнер көрсеткен ер адам Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тойда билеп, өнер көрсеткен ер адам Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодағы ер адам - Алматы тұрғыны Мұхтар Айтбектегі есімді азамат болып шықты. Жасы 46-да. Желі қолданушылары оны әнші Дастан Оразбековке ұқсатқан. 

"Көңілін көтеріп билегенде тұрған ештеңесі жоқ, жарасып тұр", "Біраз жасқа келіп, осылай қимыл жасап тұр, дым да ерсі емес, қызығып отырмын", "Дастан Оразбековке ұқсаттым, жарайсыз", - дейді Желі қолданушылары. 

Реклама
Реклама

Мұхтар Айтбектегінің айтуынша, Желіде тараған видео Қапшағайда туыстарының бірінің тойында түсірілген.

"Бұл видео Қапшағай қаласында жеңгемнің 50 жылдық мерейтойында түсірілген. Сол тойға ата-анамды апарғам. Кейін аға-жеңгем "бір билеп берші" деп қолқа салды, көңілдерін қалдырмайын деп билеп бердім. Бірақ Желіге кім салғанын білмеймін", - деді ол.

Мұхтар биді жақсы көретіні соншалық, кез келген әуенге билей беретінін айтты.

"Жас кезде ауылда жүргенде "КАР-МЭН" тобы мен Майкл Джексон кумирім болды. Шынымды айтсам, биді қатты жақсы көрем, кез келген музыкаға билей берем. Ырғақты ұстасаң болды, би өзі шыға береді. Таразда 18 жасымда биге еліктедім, кейін әскери өмірге бет бұрдым. 2 ай ғана биге қатыстым", - деді ол.

Мұхтардың айтуынша, кәсіби түрде бимен айналысып көрмеген. Өзін Дастан Оразбековке ұқсатқан желі қолданушыларына оның өнері ұнайтынын, бірақ еліктемегенін айтты.

"Би деген спорттың бір түрі деуге де болады. Билер алдында денені қыздырып, жаттығып алу керек. Билесең көңілің де көтеріледі ғой. Дастан ініміздің биі ұнайды. Өте керемет қимылдар істейді", - деді ол.

Мұхтар - Ұлттық ұланның зейнеткері. 22 жыл осы салада қызмет еткен. Оның биге деген қызығушылығы КВН ойнаған кезінде де көрінген.

"КВН ойнадым. 1998 жылы Алматыда жоғары білім беретін институттармен ойнап, Ішкі әскер командасы болып 1-орын алдық. Қойылым кезінде би жағы менен болатын", - деп күліп еске алды ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная