22 қаңтар 2021 | 12:43

Жедел әрекет ету жасағының формасын киген ер адамдардың әзіліне Нұр-Сұлтан полициясы жауап берді

Нұр-Сұлтан полициясы Жедел әрекет ету жасағының формасын киген ер адамдардың видеоәзіліне пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан полициясы Жедел әрекет ету жасағының формасын киген ер адамдардың видеоәзіліне пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео жуырда әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрларға қарағанда, бірнеше адам, олардың ішінде жедел әрекет ету арнайы жасағының формасын киген екеуі сегіз адам отырған бөлмеге кіріп келеді. Видеоны түсіріп тұрған ер адам өзін Нұр-Сұлтан полиция департаментінің қызметкері ретінде таныстырып, карантинді бұзғандары үшін әкімшілік хаттама толтырылатынын айтады. Іс-шара қонақтарының біріне кісен салынады. Видео соңында бұл жәй ғана әзіл екені түсінікті болады.

Реклама
Реклама

Нұр-Сұлтан полиция өкілдері әзіл авторлары жауапқа тартылатынын айтты.

"Аталған тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады", - деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная