06 ақпан 2014 08:44

Жеке куәлігіне "2pac жив" деп қол қойыпты

Сурет lada.kz сайтынан алынған

"Әлеуметтік желіде "2pac жив" деп қол қойылған жеке куәліктің суреті пайда болды" деп мәлімдейді Tengrinews.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап. Басылым тілшілерінің пайымдауынша, жеке куәліктегі мұндай қолдың қойылуы куәлік иесінің 1996 жылы өлтірілген рэп-орындаушы 2Pacқа деген сүйіспеншілігінен туындаған болуы ықтимал. Аталмыш құжат 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін жарамды. Демек, жақын арада жаңаөзендік азамат жеке куәлігін ауыстырады. "Бүгінгі күні азаматтардың жеке басын куәландыратын құжатқа қол қоюдың белгілі бір талаптары қарастырылмаған. Сондықтан әр азамат өз қалауы бойынша қол қоюға құқылы. Дегенмен, қолды қалай болса, солай қоя салу банкте не басқа да мекемелерде түсінбеушілік туындатуы мүмкін", - дейді Халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары Ербол Байжігіт. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғынының туу туралы куәлігі қоғамның назарын аударған еді. Туу туралы куәліктің "ұлты" деген графасына "Тажикмен" деп жазылған болатын.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
[]