28 тамыз 2017 | 17:02

Жетпістің желкенін керген ерлі-зайыпты отасқанына 55 жыл толуына орай той өткізді

© Tengrinews.kz

Алматыда 74 жастағы Келгенбай Асапбергенов пен 72 жастағы Нүргүл Қадырғұлова Неке сарайында отасқанына 55 жыл толғандығын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл Алматының Неке сарайында өткен мұндай алғашқы той екен. Бес жыл бұрын отбасы алтын тойын өткізген болатын. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 74 жастағы Келгенбай Асапбергенов пен 72 жастағы Нүргүл Қадырғұлова Неке сарайында отасқанына 55 жыл толғандығын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл Алматының Неке сарайында өткен мұндай алғашқы той екен. Бес жыл бұрын отбасы алтын тойын өткізген болатын. 

"Әке-шешеміз таныс екен бір-бірімен. Маған айтты, ана бір үйде қыз бар екен, көріп кел деді. Ол кезде мұндай емес, әжептәуір еді, сосын үйлендік", - деп қалжыңдайды Келгенбай ата. - Бір қойды сойдық, сол беташарымыз да, бәрі сол болды. Ақсақалдардың батасы шығар, осылай 55 жыл бірге тұру оңай емес. Бізде болды, болмайды емес. Тек біреуің ашуланғанда, екіншісі қоя қойса, кейін ашуы тарқайды", - деп бөлісті өз сырларымен той иелері.

Реклама
Реклама

Нүргүл Қадырғұлова мен Келгенбай Жасапбергенов 1962 жылы отасқан. Қариялардың сегіз баласы мен 30 немересі бар. "Мен 19, бұл кісі 17-еді. Жұмысқа ерте араластым, 14 жасымнан бастап жұмыс істедім. Қазір жастар айтады балаларды асырай алмаймыз деп, ол кезде де оңай болған жоқ. Қазір жастар шыдамсыз. Ажырасып жатқанын естісек біздің жүрегіміз ауырады. Сол жастарға тілейтінім сабыр, ең бастысы сыйластық, отбасы - отан, бір мемлекет қой", - дейді Келгенбай ата. 


Той иелерінің архивінен

Нүргүл апай да қандай келін болу керектігі туралы тәжірибесін бөлісті. "Ата-енесін сыйлап, ерінің айтқаны тыңдап жүру керек. Мен үнемі ас дайындап қойып, алдынан күтіп алатынмын. Келін болуды солай түсіндім өзім", - дейді ол. 

Көп жасаған қариялар қазіргі кезде жиілеп кеткен алып қашу оқиғаларына қатысты да пікір білдірді. "Егер жастар таныс болмаса, әрине, қарсымын. Менің қызымды да шырылдатып алып кетіп бара жатса, дұрыс емес қой. Ал жастар бір-бірін ұнатқанымен, бір жақтың әке-шешесі қарсы болып жатады. Ондай кезде болады деп ойлаймын. Ал көшеден көре салған қызды алып қашу - ол отбасы да болмайды ертең", - деп қорытындылады сөзін Келгенбай ата.


© Роза Есенқұлова 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная