ПОДЕЛИТЬСЯ
06 тамыз 2021 | 08:31
Жол қиылысында билегенді ұнататын қызды полиция тоқтатты
Кейінгі уақытта елорда тұрғындары көшелер қиылысында билейтін қыздың әрекетіне аң-таң. 5 тамызда кешкі уақытта оның кезекті биін полиция қызметкерлері тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кейінгі уақытта елорда тұрғындары көшелер қиылысында билейтін қыздың әрекетіне аң-таң. 5 тамызда кешкі уақытта оның кезекті биін полиция қызметкерлері тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биші қыздың әрекетіне тұрғындардың бірінен 102 арқылы шағым түскен.
"5 тамызда 21.03-те 102 каналына Керей мен Жәнібек хандары мен Мәңгілік ел көшелерінің қиылысында үш сағаттан бері билеп тұрған қыз туралы хабарлама түсті. Полиция қызметкерлері қыздың жеке басын анықтады, онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - делінген хабарламада.
Полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жүргізушілердің назарын бөлмеу керегін ескертті.
Қыздың көшедегі биін Желі қолданушылары да талқылай бастады. Instagram-дағы qarakz паблигінің авторлары фолловерлерінен қыздың әрекетіне баға беруді және неге билеп жүргенін түсіндіруді сұраған.
Аида есімді қыз "адамдарды қуантып, күлдіру үшін" билейтінін жазыпты.
Бірақ полицейлердің келуіне биші қыз қуанышты бола қоймаған. Тәртіп сақшыларымен әңгімелесуін ол сторисінде жариялаған.
"Қиылыста билемеу керек деген заң бар ма? Бұл демократиялық Қазақстандағы заңды орным. Түсінікті ме? Маған келіп, кедергі болудың қажеті жоқ", - дейді қыз видеода.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также