17 желтоқсан 2020 | 10:09

"Канадада, өкінішке қарай, олай емес". Шетелдік профессор Қазақстанның қандай артықшылығы барын айтты

Видео кадры

Канадалық профессор Қазақстанның қандай артықшылығы барын айтты, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Канадалық профессор Қазақстанның қандай артықшылығы барын айтты, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы"

Жан-Франсуа Карон - Назарбаев Университетінің профессоры, саясаттану пәнінен сабақ береді. Әйелі - қазақ, олар екі қыз тәрбиелеп отыр.  

Реклама
Реклама

Карон Қазақстанда тұрған кезінде ол жергілікті дәстүрлерді түсініп қана қоймай, оларды қуана-қуана қабылдай бастаған. 

"Қазақ мәдениетінде маған ұнайтыны - отбасының маңызы. Бастапқыда мұнда көп адам ата-анасымен бірге тұрып, оларды күтетінін естіген кезде біртүрлі болдым. Канадада, өкінішке қарай, олай емес. Және ол ұят! Солтүстік Америкада көп адам қартайған кезде жалғыз қалады. Ал сіздер ешқашан ата-аналарыңызды жалғыз қалдырмайсыздар", - дейді Назарбаев университетінің профессоры. 

Ол болашақ жарымен кафеде кездейсоқ танысқан. Жан-Франсуа мен Венераның қыздарының есімі Мари-Габриэла мен Элизабет. Бүгінде олар жергілікті дәстүрлерді білетін қарапайым қазақстандық отбасы. 

"Анам бесбармақ жасаған кезде ол анама осындай керемет ас үшін алғыс айтуымды сұрады. Біз оған "ас болсын", "рақмет", "ас болсын" деп айттық. Кейіннен бірнеше күннен кейін университетке жұмысқа келген кезде әріптестерінің бірін күтіп, лифт есігін ұстап тұрған кезде "Рақмет" десе, ол "Ас болсын" деп айтқан", - деп күледі Венера Карон. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная