01 қыркүйек 2019 | 11:11

Қанат Бозымбаевтың мектеп кезіндегі суреттері жарияланды

Камила Долаева Журналист
Сурет: facebook.com/zhenisbek.n

Бүгін жаңа оқу жылының басталуына орай, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Алматы қаласындағы өзі оқыған мектептегі салтанатты шараға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінің басшысы Нұрлыбек Жеңісбек Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін жаңа оқу жылының басталуына орай, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Алматы қаласындағы өзі оқыған мектептегі салтанатты шараға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінің басшысы Нұрлыбек Жеңісбек Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Қанат Бозымбаев Алматыдағы № 83 мектеп- гимназиясында білім алған. Шара барысында Алғашқы ұстаздарымен жүздесіп, ардагер педогогтарды, 1-сынып табалдырығын аттаған оқушыларды "Білім күнімен" құттықтады. Сонымен қатар, "Саналы ұрпақ-жарқын болашақ" атты ашық сабаққа қатысып, жоғарғы сынып оқушыларымен сұхбат құрды.

Реклама
Реклама

"Мектеп бітіргенімізге қанша жыл өтсе де, қанша есейіп азамат болсақ та, осы мектеп біздің ең алғашқы алтын ұямыз секілді ыстық көрініп тұрады", - деді министр.

"Адам ұстазының алдында мәңгі шәкірт деген рас-ау, қарап тұрсам министрдің мектепке деген сағынышы байқалып тұр. Әр сыныпты жеке аралап, баяғы мұғалімдерімен шүйіркелесіп біраз сұхбаттасты. Қанша дегенмен 33 жылдан аса уақыт өтіпті", - деп жазған Нұрлыбек Жеңісбек. 

Содан соң, оқушылармен балалық естелігін бөлісіп, арман мақсат туралы тақырыпта көп әңгімелесті. Айта кету керек, министр аталған мектептің 1986 жылғы түлегі.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная